АҚШ-та өз ортамызды қайдан табамыз — Kazakh American Association қызметі туралы
Аяулы Ақылхан, Kazakh American Association Президенті
📌 Мақсаты мен міндеті
Қауымдастықтың идеясы — әр біреуімізді Отанымызбен байланыстыратын отандастар қауымдастығын құру. Біз АҚШ-тағы отандастарымыздың бір-бірімен араласып, кездесіп, қажетті кезде көмек көрсетіп тұрғанын қалаймыз.
Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз — АҚШ пен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамыту болып табылады.
📌 Қызметі туралы
Ортамыз күнде көбейіп келеді. Біз жеке сайт және Facebook желісінде топ құрдық. Бұл — АҚШ-қа жақында ғана келген адамдарға жаңа достар, жаңа ортаға бейімделуге жақсы мүмкіндік.
Біз әртүрлі іс-шаралар өткіземіз. Жыл сайын біз Наурызды бірге тойлаймыз және серуендерге шығамыз.
Бүгінде барлығының басын біріктіру қиындау. Бірақ-та, әркім өз қызығушылығы бойынша бас қосып жатыр. Мысалы, біреу баскетболды жақсы көресе, басқалары да қосылып жатады.
📌 Қоғамдастық мүшесі болу
Қауымдастыққа қосылу үшін Facebook-те тіркелу жеткілікті. Біздің топқа қосылыңыз және бірден қауымдастықтың бір бөлігі боласыз. Топта сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қоя аласыз. Мен әр адамның өз сұрақтарына жауап алуын қадағалаймын.
Біздің жастар таңқалдырады.
Олар кездесулерге қалмай келеді, іс-шараларға қатысады, басқалармен танысады, жеке тұлға ретінде дамиды, үйренеді және көп нәрсеге қол жеткізеді. Олар табысты мансап құрып, бизнес ашып жатыр.
АҚШ-тағы қазақтар ғана емес, барлығы да қайтпас қайсар деп айта аламын. Олар еңбекқор, қиындықтарды жеңуге және бір-біріне көмектесуге әрқашан дайын.
#какбытьвтренде
Больше на @we_project