Обложка канала

Creative Asia

Для современных жителей мегаполисов

Creative Asia

4 года назад
Открыть в
​​Қазақстанда саяхаттауға арналған 7 ерекше орын және оларға жету жолы 📌 Сібе көлдері Шығыс Қазақстан облысында орналасқан бес көркем көл. Жету жолы: Өскеменнен Тарғын кентіне дейін, содан кейін Алғабас кентіне қарай жол тартасыз. 📌 Вячеслав су қоймасы Балық аулауға ыңғайлы әдемі құмды жағажай, отбасыңызбен демалуға таптырмас орын. Жету жолы: Нұр-Сұлтаннан Қарағанды тас жолы бойынша 60 шақырым, Аршалы кентінің маңында Есіл арқылы өтетін көпірден ары қарай өтесіз. 📌 Біркөлік шатқалы Біркөлік шатқалы — «сулы» және «құрғақ» екі аңғардан тұрады. Мұндағы шатқалдардан жартастарда ұя салған құстарды көріп қана қоймай, өзендерді және тіпті бес метрлік сарқырама да кездестіресіз. Жету жолы: Түркістан облысының Төле би ауданында, Шымкенттен 50 шақырым жерде, 1100 метр биіктікте Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан. 📌 Ақмешіт үңгірі Ақ мешіт үңгірі — тереңдігі шамамен 254 метр болатын үлкен үңгір. Үңгірдің ерекшелігі — онда 40-қа жуық ағаштан тұратын кішкентай тоғай өседі. Мұнда жылдың кез-келген уақытында бірдей температура болады. Жету жолы: Көлікпен Шымкенттен 80 шақырым жерде немесе арнайы рейстік автобустар бар. 📌 Баянкөл шатқалы Байынқол қылқан жапырақты ормандардың тығыздығымен әсерлі көптеген көркем шатқалдарға толы. Мұнда Баянкөл және Батыс үлкен мұздықтарын да көруге болады. Жету жолы: Баянкөл шатқалына бару үшін шекара аймағына рұқсаттама ресімдеу қажет. Алматыдан Баянкөл шатқалына дейінгі қашықтық 380 шақырым. 📌 Қиын-Керіш шатқалы Көптеген сазды жартастардан тұратын шөл, сұлулығымен және әсем ландшафтымен таң қалдырады. Жету жолы: Өскемен арқылы бару ыңғайлы. Сол жерден Самара тас жолымен Казнаковская өткеліне, Күршім өткеліне, содан кейін қара жолмен жету керек. 📌 Шекелмес мүйісі Зайсан көлінің жағасында орналасқан табиғи ғажайып жер. Жаңбырмен шайылған түрлі-түсті саз және құмды таулар, барлығы осы жерде. Мұнда сіз қолтырауындардың сүйектерін, саламандрларды, динозавр жұмыртқаларының қабығын кездестіре аласыз. Жету жолы: Күршім ауылынан «79 км» белгісі бар бағанға дейін жетіп, одан кейін бірден «Аманат ауылы» көрсеткіші бойынша оңға бұрыласыз. Бес шақырымнан кейін солға бұрылып, Қиын-Керіш жазығына қарай 18-20 шақырым жүріңіз. Оны айналып өтіп, Шекелмес тауларына тағы 20 шақырым жол жүру керек. #қазақшапост @we_project