Обложка канала

Creative Asia

Для современных жителей мегаполисов

Creative Asia

4 года назад
Открыть в
​​Қазақстандағы білім беру гранттары: тегін оқу үшін қайда тапсыру керек 📌 Мемлекеттік гранттар 2022 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік гранттар саны 73 000 құрады. Олардың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. Гранттық конкурсқа қатысу үшін ҰБТ-дан кемінде 50 балл және міндетті және бейінді пәндер бойынша кемінде 5 балл жинау қажет. Құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асады. Қажетті құжаттар тізімі: жеке куәлік, аттестат, ҰБТ сертификаты, 3х4 сурет, 086У, 063 медициналық анықтама, қатысуға өтініш немесе e.gov.kz сайтында онлайн тапсыруға да болады. Гранттық конкурстың нәтижелері шілде айының соңында, тамыз айының басында жарияланады. Қазақстан жоғары оқу орындарының гранттары 📌 Nazarbayev University Мұнда студенттердің 98% мемлекеттік грант бойынша тегін оқиды. Университетте ай сайынғы шәкіртақы, негізгі медициналық сақтандыру және жол жүру ақысы да қарастырылған. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында оқу шығындарын өтейтін, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы және Қазақстан азаматы болып табылмайтын шетелдіктер үшін Абай Құнанбаев атындағы гранттар қарастырылған. 📌 Narxoz University Б.Ж. Өтемұратов атындағы стипендиялық бағдарлама мектеп түлектеріне арналған грант ұсынады. Мұнда оқу ақысы ғана емес, сайынғы шәкіртақысы да бар. Нархоз Университетінің Халықаралық Олимпиадасы. Бұл олимпиада жеңімпаздары университетте тегін оқуға мүмкіндік алады. Демеушілер мен серіктестер ұсынатын шәкіртақылар: Академик Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақы, KAZENERGY гранттары, «Эразмус+», Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының шәкіртақысы. 📌 KIMEP University Орталық Азия азаматтарына арналған гранттар. Мұнда Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан студенттері үшін әр мамандыққа он гранттан бөлінеді. Тапсыру үшін сіздің ағылшын тіліңіз жоғары деңгейіде және бағаларыңыз жоғары болуы тиіс. Доктор Бэнг атындағы білім беру қорының гранты. ҰБТ-да кем дегенде 100 балл жинаған, әлеуметтік әлсіз топтарға жататын мектеп түлектері үшін 32 грант ұсынады. KAZENERGY гранты. Бакалавриат және магистратура бағдарламаларына арналған онға жуық шәкіртақысы бар. Шәкіртақыны алу үшін оқу үлгерімі жоғары болуы керек. Зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына арналған грант – 100% және 50%-ға дейін оқу шығынын өтейді. Арнайы жеңімпаздар үшін 28 орын бөлінген. Олимпиадаға сілтеме бойынша тіркелуге болады. 📌 Халықаралық бизнес университеті Университет ҰБТ-дан жинаған баллдарының саны бойынша оқудың бірінші жылында 7%-дан 100%-ға дейінгі кепілдендірілген жеңілдік ұсынады. Сондай-ақ, ЖОО-да қосымша жоғары бағалар үшін бір жылға 10%, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 25%, егер талапкер осы университетте оқып жатқан студенттің туысы болып табылса 7% жеңілдіктері бар. 📌 «Тұран» университеті ЖОО-да егер сіз ҰБТ-дан 75 балл жинасаңыз, оқу құны толық өтелгенге дейін 10%-дан бастап жеңілдікке үміткер бола аласыз. Тағы да ЖОО ішкі тестілеуден өтіп, ректордың грантын жеңіп ала аласыз. Тіркелу 20 тамызға дейін жалғасады. Сондай-ақ, сіз эссе жазып, тест пен әңгімелесуден өтіп, GRANT PROJECT конкурсында төрт жылға дейін тегін оқуды жеңіп ала аласыз. #қайдаоқукерек Толығырақ ақпарат мында @we_project