Обложка канала

Creative Asia

Для современных жителей мегаполисов

Creative Asia

4 года назад
Открыть в
​​IT жайлы 7 қазақша Telegram-арна 📌 Aman World —Google-да software engineer болып жұмыс істейтін Аман Өтемұратовтың арнасы. Ол арнасында ІТ саласындағы жаңалықтармен және күнделікті Google-дің офисіндегі жұмысы жайлы жазады. 📌 Қазақша webdev — бұл жобаның негізін қалаушы өзі backend developer. Ол арнаны жүргізуде frontend саласын қолға алып, бірге үйренуге шақырады. Қазақша webdev бағдарламалаушылар аудиториясына арналған, сондықтан да компьютер программасына қатысты қалың көпшілік біле бермейтін технологияларды қарапайым тілде түсіндіруге тырысады. 📌 Kazakh in Cardiff — арна авторы бағдарламалаушы Данияр Мұқанов. Ол бұл жобасында жаңа технологияға қатысты ақпараттармен бөлісіп, соған қатысты өз ойын білдіріп отырады. 📌 Kaztech — IT және технологиялар туралы қазақша арна. Бұл жоба ІТ мамандар аудиториясына да, қалың көпшілікке де арналған. Онда ІТ саласына қатысты мақалалар жарияланып отырады. 📌 IT bilim — технология бойынша қазақ тілді телеграм арна. IT саласын меңгергісі келетін адамдарға қазақ тілінде ақпарат беруді мақсат етеді. Егер ІТ саласына енді ғана қадам бассаңыз, білмеген нәрсеңізді арнаның чатына жазып сұрай аласыз. 📌 Тимурдан Инфо — ІТ маманы Тимур Бектұрдың арнасы. Ол өз арнасында ІТ -ға қатысты жаңалықтар мен ірі компаниялардың презентациялары, тағылымдамалар мен жарыстарды жариялап тұрады. 📌 СТО.let — блогер Алимжан Абуовтың арнасы. Ол қазақ және орыс тілінде жүргізеді. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, жұрттың көкейіндегі сұрақтарға жауап жазған. Атап айтсақ, ІТ саласын өз бетінше оқуға бола ма, тәлімгерді қайдан іздейміз және т.б. тақырыптарды таба аласыз. #какбытьвтренде Больше на @we_project