"Улы сілекейін шұбыртты" - сенатор ресейлік сарапшының сөздері туралы
"Соловьев әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан нон грат алған адам болатын және қазір барлық түрдегі санкциялық қара тізімде бар. Сондықтан ыза-кектің салдарынан ол бәріне жармасып улы сілекейін шашып жүр", - деді Құл-Мұхаммед.
Ол Соловьев бұрын "Россия 1" телеарнасында Алматыға бомба "тастап жіберуді" ұсынғанын еске салды, одан бағдарламаның мейманы - Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да үрейленіп қалған болатын.
"Жалпыға бірдей жек көрушілік салдарынан ол (Соловьев - редакция ескертпесі) көбінесе өзі сөйлейді және өз бағдарламасының меймандарын жанжал мен арандату мәлімдемелеріне итермелейді. Мұның бәрі тікелей эфирде және есуастық түрінде болады", - деп атап өтті сенатор.
Ол ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің "келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені нацистік процестер де сол жерде басталуы ықтимал" деген сөзінде біздің елімізге тікелей қатер төндіру анық байқалатынын атап өтті.
"Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бірге тұрған бізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшысы-фантаст Дробницкийдің, ол - Жуков қой, пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресей Федерациясының Федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық. Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет болып келеді. Соловьев пен оған ұқсас саясаткерлер шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси шындықпен санасуды үйренетін уақыт келді", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Айта кетейік, Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Ресейдің Украинадан кейінгі келесі проблемасы Қазақстан екені айтылған еді.
@massaget_news