Обложка канала

РЕСПУБЛИКА.KZ.media

Новости, инсайды, расследования, анонсы публикаций "Республики" (бывшее KZ.media) и KZ.expert. Пишем ЧЕСТНО о ВАЖНОМ.

РЕСПУБЛИКА.KZ.media

3 года назад
Открыть в
«Кейінгі кезде саясат пен бизнесте жүрген, жасы менен үлкен кісілерден “Өмір көрмегенсің”, “Баласың әлі”, “Романтиксің”, “Максималистсің” дегенді жиі еститін болдым. Осыған байланысты екі нәрсені айтқым келеді. Біріншіден, маған және елде шынайы саяси өзгерістерді қалайтын өзге де азаматтарға “романтик-максималист” деп шаблон тағу арқылы кейбір кісілер өзінің оппортунистік іс-қимылын ақтағысы келетіндей көрінеді. Қазір авторитар режимнің саясат пен экономикадағы, қоғам өміріндегі ойын ережесіне келісу – косметикалық өзгерістерді қанағат тұту, мәселенің тамырына қараудан бас тарту, сылап-сипап қоюды таңдау. Елдегі бүкіл саяси және мемлекеттік қызметкер президент пен президент әкімшілігінің аузына қарап отырған кезде саяси жүйені “іштен” өзгерту мүмкін емес. Екіншіден, жаңа Конституцияны қабылдауды, әділ әрі тәуелсіз сотты, азаматтардың өзі сайлаған өкілдері отыратын парламентті, билігі шектелген президенттік билікті, азаматтардың саяси және өзге құқықтарын сақтауды, саяси репрессияны тоқтатуды, сөз және баспасөз бостандығына қол сұқпауды, әкімдерді тікелей сайлауды талап ету – максимализм емес. Ол – күйіп тұрған дүние. Өйткені осы аталған мәселер миллиондаған қазақстандықтардың қауіпсіздігіне, өмір сапасына, келешегіне тікелей әсер етеді. Азаматтармыз бейбіт күнде оққа ұшпасын, кедейлік қамытынан босасын, өз елінде өзін өгейсінбесін, лайықты өмір сүрсін десек, Қазақстан іс жүзінде егемен, дамыған елдермен терезесі тең болсын десек, онда көп кісілер “максималистердің” қиялы деп қарайтын дүниені жүзеге асырмасқа амал жоқ. Бұл – “романтиктердің” ойлап тапқаны емес, саясаттағы аксиома. Алда Қаңтар қырғыны секілді оқиға қайталанатын болса, қоғамдық-саяси өмірдегі мен білетін белсенді замандастарым азаматтар оққа ұшып, “террорист” деп айыпталып, “экстремист” деп қудаланып жатқанда, үнсіз қалмайды, саяси режимнің ғұмырын ұзартуға ат салыспайды, “Үшінші республика” деген спектакльге қатыспайды. Қазіргі аға буын мен олар “бала” деп қарайтын буынның басты айырмашылығы да осында». 🔴(Пост в FB политолога Шалкара Нурсеитова) 📱@respublikaKZmediaNEWS