👨🏻🎓📝 Бүгін Грант ҰБТ-сы басталды!
ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
Бұл ҰБТ-ға:
- 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;
- Мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
- Шетелдегі 11(12) сынып түлектері;
- Қандастар;
- Шартты түрде оқып жатқан студенттер.
Биылғы жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны - 4230 теңге!
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Апелляция: қарастырылған.
Барша тапсырушы түлектерге сәттілік тілейміз!
@informburo_bilim