Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

3 года назад
Открыть в
ҚАЗАҚСТАН ЭСТОНИЯДАН 2,5 ЕСЕ ДЕРЛІК КЕДЕЙ, АЛ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЭСТОНИЯЛЫҚТАРДАН 5,5 ЕСЕ АЗ ТАБЫС АЛАДЫ!!! Instagram: @yeldos98kz ҚАЗБА БАЙЛЫҒЫ – мұнайы, газы, ураны, алтыны, түрлі металдары, оның ішінде сирек кездесетін металдар, көмір және басқа да табиғи ресурстары жоқ Эстониядан, Қазақстанның нашар өмір сүруінің себебі не? 1991 жылы Қазақстан сияқты Эстония да өз тәуелсіздігін жариялап, КСРО құрамынан шыққанын білеміз. Яғни, біз Одақтан бір мезгілде шықтық, экономикалық даму жағынан біз қайдамыз? ал Эстония қайда? Салыстырып қарап отырмыз. Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылға шамамен $11 291, Эстония $ 27 962 деп бағаланады. Бұл Эстонияның бізден 2,5 есе бай екенін көрсетеді! Сонымен бірге, өздеріңіз білетіндей, Эстонияда біздегідей табиғи ресурстар да жоқ. Қазақстан мен Эстония халқының табыс деңгейіне көз жүгіртсек, одан бетер таң қалатын боламыз. Өйткенi, ЭСТОНИЯЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДАН 5,5 ЕСЕ АРТЫҚ ТАБЫС ТАБАДЫ!!! Эстониядағы ең төменгі жалақы мөлшері 362 500 теңге! MINIMUM! Қазақстанда ең көп таралған жалақы, ол да ең төменгі – 70 000 теңге. Эстониядағы орташа жалақы Қазақстандағыдан 5,5 есе жоғары! ҚАЛАЙША БҰЛАЙ БОЛУЫ МҮМКІН? Ал, елді АЛАЯҚТАР, САТҚАНЫДАР, ҰРЫЛАР басқарып тұрғанда, біз үшін табиғи байлығымыз бір тиында тұрмайды! Эстония тарихына көз жүгіртсеңіз, Эстония халқы елі үшін КҮРЕСТІ! Кеңес Одағынан тәуелсіздік алу үшін күрескен. Тәуелсіздік алғаннан кейін де өз дауыстары мен құқықтары үшін күресті, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ құру үшін күресті! Міне, сондықтан олардың қазір дамыған экономикасы бар! БІЗ КҮРЕСУГЕ ДАЙЫНБЫЗ БА? ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР ҮШІН НЕ ІСТЕУГЕ ДАЙЫНБЫЗ?