«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
БЕКЗАДИНА ЭЛЬВИРА: "АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН" ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ 17-ШІ РЕТ ҚҰЖАТ ТАПСЫРАДЫ
Құрметті отандастар!
2023 жылы 27 шілдеде сағат 12.00-де «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ кезекті 17-ші рет партияны тіркеу үшін Ақмоладағы Әділет министрлігіне құжаттарды тапсыруға барады. Партияның тіркелушілері мен жақтастары, өз қалаңыздағы, облыс және аудан орталықтарындағы Әділет департаменттері мен басқармаларында бір мезгілде қолдау көрсету келіңіздер! Сондай-ақ «Біз-тіріміз! Мы живые!" деген челлендж түсіруіңізді сұраймыз. Партияны тіркеуді талап етіңіз!
Неліктен біз партияны тіркеу үшін тоқтамай өтініш беріп отырмыз? Өйткені біздің мақсатымыз – адам құқықтарын сақтау басты құндылығы болып табылатын еркін және демократиялық мемлекет құру.
Тоқаев бүкіл әлемге «демократиялық реформалар», «еститін мемлекет», «Жаңа Қазақстан» бар екенін жария еткен болатын. Бірақ бұл сөз жүзінде ғана, сондықтан біз Тоқаевтың өтірігін жалықпай әшкерелейміз, саяси және азаматтық құқығымыз үшін күресеміз!
Ал біз, бастамашыл топ, партиямызды тіркеуге ұмтыламыз, өйткені бұл біздің құқығымыз! Ал қазіргі билік азаматтардың бостандықтары мен құқықтарына қатысты халықаралық міндеттемелерін орындауға міндетті, ал біз олардың орындалуын талап етуге құқылымыз!
АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!
#АлғаҚазақстан #АлғаҚазақстанпартиясы #АлгаКазахстан #партияАлгаКазахстан
🟢Сіз бастамашыл топқа келесі сілтеме арқылы тіркеле аласыз:
Telegram: @algakzbot
WhatsApp: +7 705 617 4883
Немесе осы сілтеме бойынша: https://chatwith.io/s/627b919568262
🟢Сіздің қаржылай қолдауыңыз партияның алға жылжуы мен қызметі үшін өте маңызды:
ZULFIYA SADUAKAS
KASPI GOLD: 4400 4302 7313 4335
ЖСН: 700910401444
Tel Kaspi: +77057609450