«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
"АЛҒА ҚАЗАҚСТАН" ПАРТИЯСЫ: МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВҚА БОСТАНДЫҚ. БІЗ ЖЕҢЕМІЗ!
@algaqzt
Достар!
Марат Жыланбаевты қолдап, таңғы жүгіруге келіп қатысқан, видео челлендждер түсіріп, қаржылай көмектесіп, Мараттың босатылуын талап етіп жатқан әрбір азаматтарымыз бен азаматшаларымызға алғысымыз шексіз, көп РАХМЕТ!
22 шілде 2023 жылы Марат Жыланбаевтың босатылуын талап ету мақсатында өткізілген 1 км-ге жүгіру іс-шарасын қолдап тікелей қатысуларыңыздың арқасында тиісті іс-шарамыз ойдағыдай өтті.
Марат Жыланбаев – Қазақстанның әлемге әйгілі ультрамарафоншысы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі жүлдегері, Гиннестің рекордтар кітабының жеті дүркін иегері.
Марат Жыланбаев - Азия, Африка, Австралия және Америкадағы ең үлкен шөлдерді бағындырған планетадағы жалғыз адам, әр жүгіруі кемінде 1200 км-ды құрайды.
Сондай-ақ Марат Жыланбаев, еліміздегі құрылып жатқан шынайы оппозициялық "Алға Қазақстан" партиясының ұйымдастыру комитетінің төрағасы. Осы жемқор жүйеге қарсы күресіп жүрген Лидерлердің бірі.
Билік оған қатысты 405-баптың 2-бөлігі («Экстремистік ұйымға қатысу») және 258-бабының 1-бөлігі («Экстремистік қызметті қаржыландыру») бойынша саяси астарлы қылмыстық іс қозғады.
Билік Марат Жыланбаевты саяси көзқарасын ашық айтқаны үшін қудалауда.
МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВҚА БОСТАНДЫҚ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!