«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
4 МАРТА БИБИГУЛЬ ПРОВОДИТ ВСТРЕЧУ С ИЗБИРАТЕЛЯМИ АЛМАТЫ НА АРБАТЕ!
БИБІГҮЛ ИМАНҒАЛИЕВАНЫ ҚОЛДАҢЫЗДАР!
Мен, Иманғалиева Бибігүл, Алматы қаласының N3-ші бірмандаттық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидатпын.
Сайлау науқанына байланысты 4 наурыз күні сағат 12:00-де сайлаушылармен кездесу ұйымдастырғалы жатырмын.
❗️Кездесу Арбат алаңындағы ЦУМ сауда орталығының жанында өтеді.
Бұл кездесуде — халықтың көкейінде жүрген барлық мәселелер мен сауалдарды талқылап, сұрақтарыңызға жауап беріп, өзімнің саяси және экономикалық бағдарламаларыммен таныстырғым келеді. Барлығыңызды осы кездесуге шақырамын, достар!
Сондай-ақ, бұл кездесуге қала әкімі Досаев Ерболатты және оның орынбасарларын қоса шақырамын.
Әкімнің айтуы бойынша олар демалыссыз "Халық үніне құлақ асатын мемлекетте" жұмыс жасайды екен. Олай болса, осы кездесуде халық үнін естуге жақсы мүмкіндік болады.
4 наурыз күні сағат 12.00-де, менің сайлаушылармен кездесуімде көріскенше!
Алға Қазақстан!