«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
АМАНГЕЛДІ ДЖАХИНДІ ҚОЛДАҢЫЗДАР ДОСТАР!
Мен, Амангелді Джахин, Астана қаласының N2 бір мандатты сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидатпын. Сайлау науқанына байланысты 4 наурыз күні сағат 12:00-де, сайлаушылармен кездесу ұйымдастырғалы жатырмын.
❗️Кездесу Набережная даңғылындағы Кенесары хан ескерткішінің жанында өтеді.
Бұл кездесуде — халықтың көкейінде жүрген барлық мәселелер мен сауалдарды талқылап, сұрақтарыңызға жауап беріп, өзімнің саяси және экономикалық бағдарламаларыммен таныстырғым келеді. Барлығыңызды осы кездесуге шақырамын, достар!
Сондай-ақ бұл кездесуге, өтірік "Жаңа, әділетті, Қазақстан" құрып жатырмын деген Тоқаевты, оның тағайындаған депутаттары мен әкімін қоса шақырамын.
Тоқаев пен оның үкіметі, елде тек халықтың әл-ауқаты мен қажеттіліктерін арттыруға бағытталған «Тыңдаушы мемлекет» құрамын деген сөздерін — істерімен дәлелдесін!
Сонымен, 4 наурыз күні сағат 12.00-де, менің сайлаушылармен кездесуімде көріскенше!
Алға Қазақстан!