«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
Бибігүл Иманғалиева:
Құрметті достар. Мен - Иманғалиева Бибігүл, Алматы қаласының N3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатпын. Алдымыздағы сайлауалды үгіттеу науқанында маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.
1. Менің кандидатурамның атынан өкілдік етуге, үгіт-насихат, іс-әрекеттерді ұйымдастыру және айналысу үшін ең азы - 50, менің сенімді өкілдерімнен сайлауалды штаб құрылу керек.
2. Менің кандидатурамның атынан өкілдік етуге, үгіт-насихат, іс-әрекеттермен айналысуға, үнпарақ таратуға, мен үшін дауыс беруге шақыруға, әрі қарай, сайлау күні бақылаушы болатын 1000 адам жинау керек. Олар Тоқаевтың "Жаңа Қазақстанында" сайлаудың қаншалықты адал өтіп жатқанын көрсету үшін, сайлау бөлімшелерінде болып жатқан заң бұзушылықтар мен бұрмалауларды тіркейді.
Менің өкілім болуға қалауын білдірген адам, мына сілтеме арқылы өзінің деректерін жіберіп, "Сенім білдірген адам болуға келіскені туралы "өтініш" толтыруы керек.
docs.google.com/documen…ilebasic
3. Сонымен қатар, маған қазақ тілінде және орыс тілінде жазба жаза алатын, бейнені монтаждау білетін, менің бағдарламаларыммен плакаттар және үнпарақтарды дайындайтын еріктілердің көмегі қажет.
Бұл сайлауда жеңіске жетіп депутат сайланғаннан кейін, мен әлбетте, өзімнің бағдарламаларымды іске асыруға қызмет етемін.
Саяси және экономикалық бағдарламалармен мына сілтемеге өтіп танысуға болады.
https://t.me/algaQzt/237
4. Үгіт науқанын сәтті жүзеге асыру үшін сіздердің қаржылай көмегіңіз өте маңызды. Әрине, өз мүмкіндіктеріңізше. Әсіресе, мені қолдауларыңызға кәсіпкерлерге үндеу тастаймын. Келешекте Парламент Мәжіліс депутаты ретінде, мен сіздердің және еліміздің барлық азаматтарының мүддесін алға қойып, қорғаймын.
Жоғарыда айтылған жөнінде барлық ақпарат мына сайтта және менің телеграм каналымда болады. Сілтеме арқылы өтіп, танысып, қосылыңыздар, достар.
https://taplink.cc/vibory2023/p/bf06c8/,
Мені қолдаңыз! Біз жеңеміз!
Алға Қазақстан!