«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
20 ҚАҢТАР ҚАСКЕЛЕҢДЕ — ЕРКІННІҢ СОТЫ. ЕРКІН ҚАЗИЕВ ПЕН ОНЫҢ ОТБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!
27 қазан күні Еркінді полиция қызметкерлері үйінен күштеп алып кетіп, Алматыдағы Си-18 тергеу изоляторына қамады. Үстінен саяси негізде 380-баптың 1-бөлігі («билік өкіліне – екі немесе одан да көп адамға күш қолдану») және 405-баптың 2-бөлігі («экстремистік ұйымға қатысу») бойынша қылмыстық іс қозғады.
Саяси көзқарасына байланысты заңсыз қамауға алынған Еркін Қазиевке көмек көрсетейік, достар!
16 қаңтар 2023 жылы, Еркінді Си-18 тергеу изоляторынан ауыстырып, Қаскелең қаласының изоляторында ұстап отыр. Ол жердің тамағы жеуге жарамсыз. Сол себепті Еркіннің отбасы оны тамақпен, қажет болатын алғашқы заттарымен қамтамасыз етуі маңызды. Ал оның барлығы қаражат мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан достар, Еркіннің отбасын жалғыз қалдырмай, жұмыла көмек көрсетіп, қол ұшын созайық!
Сондай-ақ, 20 қаңтар күні Қаскелеңде, Момышлұлы көшесінде орналасқан Қаскелең қалалық сотында, Еркіннің соты өтеді. Барлығыңызды сотқа келіп, Еркінді қолдап, оны босатуын талап етуге шақырамыз!
Еркін мен оның отбасына халықтың моральдық және материалдық қолдауы аса қажет. Ел үшін, жер үшін деп күресіп жүрген батырымызға, оның отбасына қаржылай қолдау көрсетейік, ағайын!
Қаржылай көмек Еркін Қазиевтің ұлының есепшотына жиналады:
ӘБДУРАХЫМ ИМАШ:
KASPI GOLD: 4400 4301 8285 9675
ИИН: 9808 0230 1000