Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

3 года назад
Открыть в
7 ҚАҢТАР САҒАТ 12:00-ДЕ - ҚАНДЫ ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ! Құрметті қазақстандықтар! «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2023 жылдың 7 қаңтарында Қанды қаңтар құрбандарын еске алу шарасын ұсынып отыр. 7 қаңтар күндіз сағат 12:00-де Тоқаевтың ескертусіз оқ ату туралы бұйрық бергеніне тура бір жыл болады. Тек ресми мәлімдеме бойынша 238 адам қайтыс болды, 10 мың адам тұтқындалды. Бейбіт халық азаптың диірмен тастарынан өтті. Желтоқсанның 23-і күні Алматыда Тоқаев екіжүзділікпен, өзінің қылмыстық бұйрығының салдарынан қаза тапқан құрбандарға ескерткіш орнатқан болатын. Зардап шеккендердің туыстары, азаптаулар мен заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған жандар ол жерге шақырылмады. Ескерткіште Қантар құрбандарының аты-жөні көрсетілмеген. Сондықтан, біз, «Алға Қазақстанның» ұйымдастыру комитеті 2023 жылдың 7 қаңтарында сағат 12:00-де ескертусіз оқ ату туралы қылмыстық бұйрықтың бір жылдығына орай Қанды қаңтар құрбандарын еске алуды ұсынып отырмыз. Сіздерді мына мекен-жай бойынша шақырамыз! 1. АСТАНА – Ашаршылық ескерткіші, Республика даңғылы. 2. АЛМАТЫ – Республика алаңы, Тәуелсіздік монументі. 3. ШЫМКЕНТ – Әкімдік алдындағы алаң. Нұрсат ықшам ауданы. 4. Облыс орталықтарында – облыс әкімдіктерінің алдында. 5. Басқа қалаларда – қалалық әкімдіктердің алдында.