«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
ДИКТАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОЮ – ӘРБІРІМІЗДІҢ БҮГІНГІ ӘРЕКЕТІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ!
Ел тағдыры жақсы бағытпен дамыған, халықтың тұрмыс деңгейі қанағаттанарлық дәрежеде болған мемлекетте халық пен биліктің арасында түсіністік диалогы – бейбіт шерулер болады. Өз халқын еститін билік әрқашан да елінің қамын ойлап, алға сүйрейді. Орын алған мәселелердің оңтайлы шешімін уақытылы табады.
Бірақ диктаторлық жүйені ұстанған елдерде – бұл мүлдем жат түсініктер. Халық – биліктің бірден-бір бастауы деген түсінік диктаторлар үшін жол берілмес, мүмкін емес ұғым. Шексіз биліктің буына уланған автократтар мемлекетті – жекеменшігім деп, ал халықты – құлдарым деп қабылдайды.
Диктатор Назарбаевтың орнатқан антихалықтық реформалары коррупцияның жолында елді өркениет көздерінен мақрұм етті. Елде жылдар бойы орнаған және еш шешуін таппаған әлеуметтік мәселелер – жемқор жүйенің нәтижесі. Үйреншікті "үрдісті" ұстанған Тоқаевтың да позициясы – елді тоздыруды жалғастырып, халықты әрі қарай қанау!
Бірінші соққыны азаматтық белсенділер мен қаңтар айында өз құқықтарын қорғау үшін билікке ойларын ашық жеткізген боздақтарымыз сезінді. Заңсыз жолмен бостандықтарынан айырып, қысым көрсеткен билік халықты үрейде ұстап, үнін баспақшы. Алайда, "бұға берсең, сұға береді" деген түсінікті өздеріне ұран еткен белсенділеріміз жауыз билікпен күресу жолын таңдады! Ел болашағы халықтың қолында екенін сезінген олар тәуекелге бел буып, өздерінің, балдарының болашағы үшін жеке бостандықтарын құрбан етті. Себебі, бұл жемқор биліктің жақын арада құлайтынын, халықтың бір жұдырықтай жұмылатынын біледі.
«Қуаныш бөліссе көбейеді, қайғы бөліссе азаяды» дегенді айтқан қазақтың қандай да бір іске жұмыла кететін әдеті бар. Сатқын биліктің белсенділерімізге, олардың отбасыларына қолдан жасаған қиыншылықтарын жеңуге халық болып көмектесейік, ағайын! Өз болашағымыз үшін жасалатын бұл қайырымы мол іс – әрбіріміз үшін маңызды! Ержүрек батырларымызды, олардың отбасын қаржылай қолдайық!
Көмек Қайрат Қылышевтің жұбайының есепшотына жиналады:
ЖАНАР САРЫҚҰЛОВА
KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881
ЖСН: 851018400698