Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ! АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК! Жаһанда болып жатқан жаңалықтар әрбір адамның сана-сезіміне әсер етіп жатқаны анық. Демократия бағытын ұстанған елдер мен диктаторлық жүйелі елдердің айырмашылығы айқын көрінуде. Демократия бар жерде даму, өсіп-өркендеу, еркіндік бар, өзге елдің егемендігін мойындау, белгіленген келісімшарттарды берік ұстану, өз елін қорғау үшін күресіп жатқан елге әртүрлі бағытта қол ұшын созып, жомарттық таныту бар! Ал диктатураның жолы – арсыздық, басқыншылық, өзге елдің тұтастығына қол сұғу, кісі өлтіру, қан төгіс, зорлық-зомбылық, халық наразылығын күшпен басу, өтірік! Азаматтық белсенділер демократия бағытын берік ұстануда. Қоғамды тұншықтыруға, кез келген түрдегі азаматтық бағынбаушылықты террор (лаңкестік) жолымен жоюға, шексіз билікті пайдаланатын диктатордың қолында барлық биліктің болуына қарсылық білдіруде. Демократияға, дамуға, азаттыққа ұмтылған азаматтық белсенділер – көзі ашық, көкірегі ояу жандар. Елдің ертеңі мен өскелең ұрпақтың саналы болып өсуіне алаңдайтын ұлт жанашырлары. Олар – қаңтар көтерілісі кезінде халықпен бірге алаңдарға шықты және диктаторлық жүйемен ашық күресуден қорықпады. Жемқор жүйенің арам пиғылды, заңсыз әрекеттерінің кесірінен белсенділер мен олардың отбасы қиыншылықтарға тап болды. Олар халықтың моральды және материалды көмегіне мұқтаж. Ел мен жер, ұрпақ пен болашақ үшін күресіп жүрген батырларымызға қол ұшын созайық, достар! Бұл – біздің ортақ күресіміз! Азаматтық белсенділер мен олардың отбасына уақытша қиындықты жеңіп шығуға көмектесейік! Игі іс түбі – береке екенін ұмытпайық, ағайын! Көмек Қайрат Қылышевтің жұбайының есепшотына жиналады: ЖАНАР САРЫҚҰЛОВА KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881 ЖСН: 851018400698