Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР — НАҒЫЗ КӨШБАСШЫЛАР! Құрметті қазақстандықтар! Естеріңіздеме? Осыдан 4-5 жыл бұрын, елімізде шеруге шығуға, Назарбаевқа немесе билік басында отырған қылмыскерлерге қарсы бір ауыз сөз айтуға, көбісінің батылы жетпейтін еді. Қарсы сөйлегендердің көбісі беттерін жауып, маска киіп сөйлейтін еді… Ал қазір ше? Қазіргі жағдай тым басқа, қатты өзгерген. Айналаңызға көз жүгіртіп қарайтын болсаңыздар, осы қылмыскер жүйеге қарсы, еліміздің азаматтары шеруге қорықпай шығады, өздерінің наразылығын ашық әрі нық айтады. Биліктің отставкаға кетуін талап етіп, жүз мыңдаған адам болып митинг өткізе алады. Бұл жағдайдың барлығын қаңтар айында өз көзімізбен көріп куәгер болдық! Қаңтар айында болған шерудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, халық Назарбаевтың және оның айналасындағы қылмыскерлердің өтірігінен шаршады. Екіншіден, халықтың тұрмыс-тіршілігі, жағдайы тым нашарлап кетті. Үшіншіден, осы жемқор биліктің өтірігін халыққа айтып жеткізіп, осы қылмыскерлердің көзін құрту керек екендігін, азаматтық белсенділер, жылдар бойы айтып, халықтың көзін ашып, бейбіт шерулерге шығып көрсете білді. Азаматтық белсенділер — нағыз көшбасшылар! Сол себепті, достар! Азаматтық белсенділерді қолдап, түрмеде отырған саяси тұтқындарға және олардың жанұясына қаржылай көмек көрсетіп, осы батыр азаматтарымыздың күресін жалғастырайық! Қаражат жинау Қайрат Қылышевтің жұбайының есепшотына жүргізіледі: ZHANAR SARYKULOVA KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881 ЖСН: 8510 1840 0698