Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
БИБІГҮЛ ИМАНҒАЛИЕВА: АЛҒАН БЕТІМІЗДЕН ҚАЙТПАЙМЫЗ. “АЛҒА ҚАЗАҚСТАН” ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫН ТІРКЕУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ! Құрметті достар! 🏢 Әділет Министрлігі, 2022 жылдың 4 мамыр, 22 қыркүйек, 12 қазан, 26 қазан және 27 қазан күндері, партиялар туралы заңның 8 бабына сүйене отырып, біздің тізімді тіркеуден осымен бесінші рет бас тартып заңды өрескел бұзып отыр. Ол заңды ашып оқысаңыздар: кәмелетке толмаған, шет ел азаматтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қайтыс болған адамдар делінген. Ал біздің тізімде: ❗️Біріншіден, заңмен талап етілген 1000 адамның орнына, біз 2274 адамның тізімін тапсырдық. ❗️Екіншіден, біздің қолымызда 1225-тен астам видео растаулар бар. Ол видеоларда адамдар өз еріктерімен партияға қосылғанын, және заңның барлық талаптарына сай екендігін айтқан дәлелдер бар. ‼️Үшіншіден, Астанаға келіп, келе алмағандары басқа қалалардағы Әділет Министрлігінің бөлімшелеріне барып, өз құжаттарын көрсетіп, видео түсіріп жарияладық. 📍Астана, Алматы, Шымкент, Карағанды, Қостанай, Өскемен, Зеренді және Көкшетау қаларының бастамашыл топ мүшелері, өз қалаларының Әділет Министрлігі бөлімшелеріне барып, басқа да жерлерде жиналып, тірі екендерін дәлелдейтін видеолар түсіріп, жариялады. Осыған қарамастан, Әділет Министрлігі біздің құжаттарды тіркеуден заңсыз, негізсіз бас тартты. Біздің міндетіміз партияны тіркеуден өткізу. Партияны тіркеу үшін, біз жасайтын бірқатар қадамдар бар. Атап айтқанда, біз бейне растаулары бар өтініштерді одан да көп жинаймыз. Одан кейін Астанаға жақтастарымызбен бірге Әділет Министрлігіне барып, бастамашыл топтың тізімін тапсырамыз. Өзіміздің тірі екендігімізді көрсетеміз! Сондай-ақ, дәл осылай басқа да қалаларда Әділет Министрлігінің бөлімшелеріне барып өзіміздің тірі екендігімізді көрсетеміз! Қазір - 400, содан соң - 1000/2000 адам келген кезде тіркемей қайда барады?! Құрметті Отандастар! Біздің қатарымызға қосылып, партия жұмысына қаржылай қолдау көрсетіп, бізбен бірге өзгеріске қол жеткізуге шақырамыз! Қаражат жинау Жасарал Қуанышәлиннің есепшотына жүргізіледі: KASPI GOLD: 4400 4301 3555 1965 ЖСН: 4904 0730 0328