Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
БІЗ — “АЛҒА ҚАЗАҚСТАН” ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫН ТІРКЕУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ! Құрметті достар! Біз, “Алға Қазақстан” партиясын құру жөніндегі оргкомитет мүшелері, 26 қазан күні осымен 4-і рет бастамашыл топтың тізімдері жиналған құжаттарды Әділет Министрлігіне тапсырдық. ❗️Біріншіден, заңмен талап етілген 1000 адамның орнына, бүгін біз 2245 адамның тізімін тапсырдық. ❗️Екіншіден, біздің қолымызда 1200 ден астам видео растулар бар. Ол видеоларда адамдар өз еріктерімен партияға қосылғанын, және заңның барлық талаптарына сай екендігін айтқан дәлелдер бар. ⠀ 🏢 Осыдан алдын әділет министрлігі, 2022 жылдың 4 мамыр, 22 қыркүйек және 12 қазан күндері, партиялар туралы заңның 8 бабына сүйене отырып біздің тізімді үш рет тіркеуден бас тартты. Ол заңды ашып оқысаңыздар: кәмлетке толмаған, шет ел азаматтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қайтыс болған адамдар делінген. Ал біздің тізімде, 1200-ден астам адам өз видеоларын жіберіп, тірі екендерін айтып, ешқандайда құқық қоғау органдарының қызметкері емес екендігін айтқан видеолар бар. Сондай-ақ біз, бастамашыл топ өкілдеріне және қолдаушыларымызға үндеу жасап, мүмкіндігі барлар Астанаға келіп, келе алмағандары басқа қалалардағы Әділет Министрлігінің бөлімшелеріне барып, өз құжаттарын көрсетіп, видео түсіріп, оны жариялауын сұрадық. Осыған орай, міне біз Астана қаласына біршама бастамашыл топ мүшелерімен жиналып келіп құжаттарды тапсырдық. Және, Өскемен қаласынан қосылған бастамашыл топтың мүшесі Ыдрышев Серік, қалаға әділет министрлігінің бөлімшесіне бара алмағанымен, әкімдік алдына шығып өз видеосын түсіріп жариялады. Сондай-ақ Қарағанды облысынан қосылған бастамашыл топ мүшелері әділет минстрлігінің бөлімшесіне барып, тірі екендерін көрсетіп видеосын жариялады. Достар, сіздерді “Алға Қазақстан” оппозициялық партиясына қосылуға шақырамыз! Өзгерісті барлығымыз қалаймыз… Сол себепті — Халық болып ауызбірігіп, сол өзгерісті бірге жасайық, достар! #АЛҒА #ҚАЗАҚСТАН