Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
НҰРСҰЛТАН ТАСТАЕВ: "АЛҒА ҚАЗАҚСТАН" ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫН! @tastaev.nursultan Қайырлы күн баршаңызға! Көпшілік достарым маған сұрақ қояды, кез келген билікке келген адам жемқорлыққа қатысы болады дейді. Менің оларға айтарым, 30 жылда өздерің Назарбаев пен Тоқаевтан басқа ешкімді көрмедіңдер ғой. Әлемде бүкіл мәселелердің шешімі бар. Жемқорлық ол кез келген авторитарлық диктаторлық елде болады. Біз тұрып жатқан ел диктаторлық ел, сол себепті бізде жемқорлық көрсеткіші жоғары. Біздің "Алға Қазақстан" партиясы құратын ел демократиялық ел болады. Егер біз билікке келетін болсақ, Сот төрағалалары, әкімдер т.б бәрін халық сайлауы арқылы жүргіземіз. Біз билікке келсек жемқорлықпен қалай күресеміз? Әлемде төртінші билік болатын институт – бұқаралық ақпарат құралдарына заң жүзінде еркіндік береміз. Журналистер кез келген әкімді, мемлекеттік қызметкерді тексеріп, фотоға түсіреді, егер де оның мініп алған машинасы, өзінің алатын жалақысына сәйкес келмейтін болса, оны құқық қорғау органдары тексеріп, қылмыстық іс ашады. Тәуелсіз сот 👩‍⚖️ тек заңға сүйеніп жауапқа тартады. Оның үстіне біз жалақыны екі есеге көтереміз, жалақысы жақсы қызметкер қылмыстық іске бармайды, егер баратын болса, сотталады. Заң бағдаршам сияқты жұмыс істейтін болады. Ал қазір білесіздер барлығы заң жүзінде емес, телефон арқылы шешіледі. Құрметті достар, өзгеріс өз қолымызда! "Алға Қазақстан" партиясына қосылыңыздар! «АЛҒА ҚАЗАҚСТАН» партиясының телеграмм чаты: @algaKazP Telegram каналы: @algaQzt Instagram: @algaqzt YouTube сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UCzdNd32NomjqmIHRfcQpPCw/featured