Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
АЗАТ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРУДІ ТАҢДАҒАН ХАЛЫҚ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАҚСАТЫНА ЖЕТЕДІ! Диктаторлардың басты ұстанымы – қолындағы шексіз билікті пайдаланып, халықты күшпен басып, үрейде ұстау. Тоталитарлық жүйеге халықты үйретіп, құлдық санаға бейімдеу. 30 жыл бойы Назарбаев билігі дәл осындай ұстаныммен ел басқарды. Жылдар бойы "болашағымыз жарқын болады, бай боламыз" деп халықты алдады. Жалған сайлаулар өткізіп, халық дауысын ұрлады. Елдің жағдайын, халықтың жай-күйін кедейшілік күйге түсірді. Тек өзінің отбасын байытып, халықты қарыз бен кредиттерге кіргізді. Жер қойнауына бай туған елімізді жеке меншігіне айналдырып, бар билікті қолына алды. Тоқаев та Назарбаевтың ізін қуып, халықты бос уәделермен тойдыруда. "Жаңа Қазақстан", жақсы өмір туралы ертегілерін айтып, халықты алдауда. Қаңтар айында, халық өзінің билікке деген көз-қарасын, енді алданбайтынын, құрғақ уәделерге көнбейтінін көрсетті. Еліміздің тозған жай-күйі, халықтың нашар тұрмыс-тіршілігі адамдарды алаңдарға шығарды. Бір ғана адамның билігіне көнбейтінін көрсетіп, өз талаптарын алға тартты. Диктаторлық жүйе халыққа аяусыз оқ атып, заңсыз әрекеттерге барып, қудалауға ұшыратқанымен олар халықты жеңе алмайды! Себебі халықтың мақсаты бар! Ол – диктаторлық жүйеден арылып, демократиялы азат елге айналу! Халықты мақсаттарына жетер жолда алға сүйрейтін белсенділеріміз барда біз міндетті түрде көздегенімізге қол жеткіземіз! Диктаторлар мен олардың жандайшаптарын билік басынан қуып, нағыз халық жанашырларын ел төріне алып келеміз! Ел тағдырын, халық жағдайын ойлайтын батыр-белсенділеріміз барда еліміз азаттыққа жақын арада қол жеткізеді! Ел үшін, жер үшін деп ешнәрседен тайынбаған, биліктің қысымына төтеп беріп келе жатқан белсенділерімізге, олардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетейік! Белсенділердің ұстанған бағыты – бүкіл халықтың бағыты, қалауы. Демократиялы елге жол бағыттаушы белсенділерімізді қолдау – жарқын болашағымыз үшін күрес болып саналады! Көмек Қайрат Қылышевтің жұбайының есепшотына жиналады: ЖАНАР САРЫҚҰЛОВА KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881 ЖСН: 851018400698