«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
БАРЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕРДІ БҰЗЫП-ЖАРЫП ӨТЕМІЗ. ПАРТИЯНЫ ТІРКЕУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ! АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!
2022 жылдың 12 қазанында «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері және бастамашыл топтың мүшелері, Әділет министрлігіне үшінші рет құжаттарды тапсыруға келді. Осыған дейін (2022 жылдың мамыр және қыркүйек айларында) билік заңсыз, саяси себептермен, негізсіз және нақты түсініктемесіз «Алға Қазақстан» партиясын тіркеуден бас тартқан болатын.
Қазіргі жағдайда, Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің қолында бастамашыл топ мүшелерінің тірі адамдар екенін растайтын 1150-ге жуық бейнематериалдар бар екенін мәлімдеді. Оргкомитет мүшелері — партияны тіркеуге қол жеткізетініне сенімді. Сондай-ақ, барша өзгерісті қалайтын азаматтарды қатарына қосылуға шақырады!