Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
ЕРКІНДІК СИМВОЛЫ – БАТЫЛ ӘЙЕЛДЕР! Қазақстанның әр өңірінен шыққан батыл әйелдер оппозицияға әр уақытта, әр түрлі себептермен келген және оларды елдің түкпір-түкпіріндегі әйелдер де қолдайды, өйткені олар өздері, балалары, немерелері үшін құлдық өмірді қаламайды. Еліміздің қаһарман қыздарына жеке-жеке тоқталайық. Айя Садвакасова – еліміздің нағыз патриоты. Айя – Степногорск қаласынан шыққан қарсылық күшінің бастаушысы. Ол халықаралық қоғамдастыққа елімізде болып жатқан заңсыздықтарды твиттерде хабарлап отырады. Айя, 2022 жылғы қаңтар оқиғасының халықаралық деңгейде тергелуін, жазықсыз адамдардың босатылуын және адамдарды азаптағандардың жазалануын талап етті. Азаматтық ұстанымы үшін Айя мен оның отбасы бірнеше жыл бойы саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Айжан Акишева – астаналық белсенді және құқық қорғаушы. «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Украина еліндегі әскери агрессияға ашық және батыл қарсылық көрсетеді. Қазір Айжанның көру қабілетінен айырылып қалу қаупі бар. Операция көп қаржыны талап етеді және Айжанға қазір қоғамның қолдауы аса қажет. Нұргүл Қалуова – павлодарлық танымал белсенді. Ол қазіргі жүйе кезінде әлеуметтік желілерде адам құқықтары идеяларын белсенді түрде насихаттайды. Нұргүл Қалуова екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Ол тик токтағы "шығармашылығы" үшін, 405-ші саяси бап бойынша қудаланып, сотталды. Қаңтардағы наразылық шеруіне семейлік құқық қорғаушы, азаматтық белсенді Райгүл Садырбаева белсене қатысты. Ол маңызды функцияларды атқарып, құқық бұзушылықтарды бақылаумен айналысты. Бұл әйелдердің барлығын ержүректілік, белсенділік, жомарттық және еліміздің тағдырына немқұрайлы қарамау ғана емес, сонымен бірге олардың әрқайсысы бастан өткерген ауыр сынақтар біріктіреді. Бірақ соған қарамастан олардың сағы сынбай, күн сайын күресті жалғастыруда. Бірлікте болып, қайсар белсенділерімізге немқұрайлық танытпауға шақырамыз. Тұрақты түрдегі азғантай болса да көмек оларға еліміздің болашағы үшін күресті жалғастыруға көмектеседі. Сіздердің әрқайсыңыздың көмегіңіз – аса қажет! Көмек Қайрат Қылышевтің жұбайының есепшотына жиналады: ЖАНАР САРЫҚҰЛОВА KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881 ЖСН: 851018400698