«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
12 ҚАЗАН САҒАТ 11:00 ДЕ. “АЛҒА ҚАЗАҚСТАН” ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАМАШЫЛ ТОБЫНЫҢ ТІЗІМІН ТАПСЫРАМЫЗ!
Құрметті қолдаушылар!
Біз қазір «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын құру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біз 1996 адамның тізімін жинап, партияны тіркеу туралы Әділет министрлігіне екінші рет хабарлама бердік. Оның үстіне бұл тізімнің жартысынан көбінде адамның тірі екенін айтып, бастамашыл топқа өз еркімен қосылғанын, сондай-ақ екі жағында жеке куәлігін көрсететін бейне растаулар бар.
Бірақ Әділет министрлігі еш негізсіз, саяси партиялар туралы заңның 8-бабына сілтеме жасап, біздің тізімді екінші рет тіркеуден бас тартып, сол арқылы конституциялық құқығымызды өрескел бұзып отыр. Бұл Тоқаевтың біздің «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын тіркеуден қорқатынын аңғартады.
Достар, біздің міндетіміз партияны тіркеуден өткізу. Ол үшін, біршама іс-әрекеттер жасап, үлкен жұмыс атқару қажет. Атап айтқанда, біз қазір тағы біраз видео растаулармен бастамашыл топтың тізімін жинап, 12 қазан сағат 11:00-де, Әділет министрлігіне барып тапсырмақшымыз.
Осыған байланысты барша қолдаушыларымызға үндеу жолдаймыз. Осы құжаттарды қазан айының 12-сі күні сағат 11.00-де бізбен бірге тапсыруларыңызды сұраймыз. Міне, осылайша, «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын тіркеуден өтуге бәріміз де бел байлаған, ізденіп жүрген және қол жеткізетін нағыз тірі адамдар екенімізді көрсетеміз және тіркеуге қол жеткіземіз!
Біз сондай-ақ құрылып жатқан барлық партияларға, бас тарту алған немесе әлі алмағандардың барлығына үндеу жолдаймыз. Егер сіздер, партияларыңызды тіркеуге қызығушылық танытсаңыздар, 12 қазан күні сағат 11:00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел-8 мекен-жайы бойынша бастамашыл топ пен жақтастардың тізімдерімен келіп, құжаттарыңызды Әділет министрлігіне тапсырыңыз. Яғни, осылайшы министрлікке қысым көрсетіп, партияларымызды тіркеуге қол жеткіземіз!
Алға Қазақстан!