Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
ШЫНДЫҚТЫ ҚОРЫҚПАЙ АЙТАТЫН, ӨЗГЕРІСТІ ТАЛАП ЕТКЕН БАТЫРЛАРЫМЫЗДЫ ҚОЛДАЙЫҚ! Құрметті қазақстандықтар! Еліміздің тұрмысы күннен-күнге нашарлап барады, мемлекетіміздің басшылығы Ресей елінің қуыршағына айналып, тәуелсіздігіміз қыл үстінде тұр. Бұның бәрі сатқын, тойымсыз, ұры, ашкөз биліктің елімізге жасап келген опасыздығынан болып жатыр. Халықтың сөзін сөйлейтін зиялы қауым да жоқ, бірәзі жауыз билікке сатылып кеткеннен еліміз өгей баланың күнін кешуде. Әр уақытта мұндай қиын-қыстау кезеңде елдің ішінен, халқының мұңын айтатын, хақын сұрайтын батырлар шығады. Ондай батырлар бізде-де аз емес. Халыққа қас, биліктің әділетсіздігіне шыдамай, туған елі үшін күрес жолына шыққандар көп. Бұл күрескерлер, билікті басып алған қорқауларға өте қауіпті. Ұйқыдағы халықты оятса, биліктен айырылып қаламыз деп зәрелері қалмайды. Сондықтан билік олардың үнін өшіруге бар күшін салуда. Шындықты беттеріне басқан, өзгерістерді талап еткен адал жандарды атып, түрмеге қамаумен ұры-қарылар жылдар бойы билігін сақтап келеді. Егер біз халық болып түрмеде қамалып жатқан саяси тұтқындарға және олардың асыраушысыз қалған жанұяларына қолдау көрсетпесек, жақсы өзгеріс күту бекер болмақ. Ал егер, шамамыз жеткенше қаржылай қолдау көрсете білсек, батырларымыз халыққа керектігін сезініп, рухтары көтеріліп, осы күрестен жеңімпаз болып шығу үшін — күш алады. Халық болып қолдағанда ғана батырларымыздың саны өсіп, іштен шыққан жау болсын, сырттан шапқан жау болсын, бәріне төтеп бере аламыз! Көмек Қайрат Қылышевтың жұбайының есепшотына жиналады: ЖАНАР САРЫҚҰЛОВА - ҚАЙРАТ ҚЫЛЫШЕВТІҢ ЖҰБАЙЫ KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881 ЖСН: 851018400698 Бұл қаражат адвокаттардың қызметтерін төлеуге және саяси тұтқындардың жанұяларын қолдауға жұмсалады. Әрқайсымыз өз болашағымыздың жасаушысымыз. Үлес қосу — өте маңызды!