«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.
БИБІГҮЛ ИМАНҒАЛИЕВА: БАС КӨТЕРІП ШЫҒЫҢЫЗДАР, ҚОРЫҚПАҢЫЗДАР!
Еуропарламенттің адам құқықтары жөніндегі комитет делегациясының Қазақстанға сапары қарсаңында, «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері, Алматы мен Астана қалаларының жергілікті өкілді билік органына, 21 тамызда, аталған қалаларда бейбіт шеру өткізу туралы хабарлама тастады.
Талаптар:
- барлық саяси партияларды тіркеу;
- саяси партияларға еркіндік беру және қуғын-сүргінді тоқтату!
Билік «Алға Қазақстан» ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне «21 тамызда шеру өтетін жерде кейбір іс-шаралар болады» деп, бейбіт жиын өткізуге рұқсат бермеді. Яғни белсенділердің митингісіне тыйым салу мақсатында билік өтірік сылтау айтты. Алайда, митинг өтетін жерде әлдеқандай іс-шара болмақ түгілі, оның болып жатқан сыңайы да білінбеді.
Митингілер өтетін жерде интернетті өшіретін құралды көліктер мен полиция көліктері болды. Полиция мен ҰҚК қызметкерлері белсенділердің соңынан еріп, бейнекамераға түсірді. Әкімдік пен прокуратура қызметкерлері митинг өткізуге рұқсат бермегендерін айтып, белсенділерді қудалаумен қорқытып, тарауды талап етті. Алматы мен Астанада митингілер тыныш өтті.
Белсенділер Жаңа Қазақстан жоқ екенін растайды. Билік нағыз оппозициялық партияларды тіркемейді. Керісінше, оппозициялық «Алға Қазақстан» партиясын тіркеуге тырысқан белсенділерді аңдып, қуғын-сүргінге ұшырататынын айтады.
Белсенділер сондай-ақ қаңтар оқиғасын халықаралық деңгейде тергеуді, қаза тапқандардың толық тізімін жариялауды талап етіп, Украинамен ынтымақтастық қарым-қатынаста екенін білдірді. Олар Тоқаевтың Путинге көмектесіп жатқанын және оның Сочиге сапары осының дәлелі екенін еске салды. Белсенділер еуропарламентті адам құқықтарын бұзып, бейбіт тұрғындарды атқаны үшін Қазақстан билігіне қарсы жеке санкциялар енгізуге шақырады.