Обложка канала

ДВК

6563 @Kazdvk

«Демократический выбор Казахстана» (ДВК) создается с целью консолидации всех здоровых сил в казахстанском обществе для проведения коренных демократических преобразований в стране.

ДВК

4 года назад
Открыть в
ТОҚАЕВ ТЕРРОРИСТ. НАЗАРБАЕВ ЭКСТРЕМИСТ. АЛҒА ҚАЗАҚСТАН! Тамыздың жиырмаларына қарай, Қазақстанға адам құқығын қорғау жөніндегі делегация, Евродепутаттар келетінінен хабардар болған, “Алға Қазақстан” оппозициялық партиясының ұйымдастыру комитеті, 21 тамыз сағат 11:00-де, Ақмола мен Алматы қалаларында митинг өткізуге “Хабарландыру” қағазын тапсырған болатын. Митингідегі талаптар: Барлық саяси партияларды тіркесін. Саяси тұтқындарға бостандық және саяси қуғын-сүргін тоқтатылсын! Бірақ билік, “Алға Қазақстан” партиясын ұйымдастыру комитетіне митинг өткізуге рұқсат бермей, белсенділерді алдап, бұл орында 21-і тамыз күні кезекті іс-шаралар болады деген өтірігін айтты. Көріп тұрғандарыңыздай ешқандай іс-шара жоқ, айнала толған полиция, кнб, прокуратруа және әкімдік өкілдері қаптап жүр. Оның үстіне билік өкілдері, белсенділерге қысым көрсетіп, тарауларын, митингті тоқтатуын талап етіп, тарамаған жағдайда, қамаймыз деп әдетінше қорқытуға кірісті. Дегенмен еш нәтиже таппады. Себебі “Алға Қазақстан” партиясын ұйымдастыру комитеті, Алматы мен Ақмола қалаларында бейбіт митингі өткізді! Бұл митингіде белсенділер: ешқандайда “Жаңа Қазақстан” жоқ екенін, Тоқаев айтқан реформалардың барлығы көзбояушылық, өтірік екенін, шынайы оппозициялық партияларды тіркемей, оның үстіне, партияға қосылуға үгіт-насихат жасағаны үшін, қудалауға түсіп, штрафтар салынып жатқанын айтып жеткізді. Сондай-ақ, Қаңтар айында болған жайттарды айтып, шынайы және тәуелсіз зерттеулер жүргізілуін, қаза болған азаматтар жайлы толық ақпарат беруін талап етті. Украинаны қолдайтынын айтты. Тоқаевтың Путинді қолдайтыны жайлы айтып жеткізді. Евродепутаттарды, билік басындағы жендеттерге — Қазақстанда адам құқығы сақталмайтыны үшін, бейбіт халықты атқаны үшін, дербес санкция салуға шақырды.